Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҚР ІІМ:Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 1,5 тонна есірткі алынды

НҰР-СҰЛТАН,09 маусым.Жыл басынан бері Қазақстанда синтетикалық есірткі жасаумен айналысқан 3 зертхана анықталды. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев есеп беру кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Есірткі қылмысына қарсы күрес бойынша нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері 1 мыңнан астам есірткі қылмысы, оның ішінде 748 сату және 49 контрабанда фактісі анықталды. Есірткі бизнесі саласында 3 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті тыйылды. Заңсыз айналымнан 1,5 тонна есірткі алынды», — деді министр.

Оның айтуынша, елімізге келетін героин көлемінің қысқаруына байланысты синтетикалық есірткі кеңінен тарала бастады. Осы жылдың өзінде синтетикалық есірткі айналымына қатысты 261 факті анықталып отыр.

«Мұндай 26 келіден астам есірткі тәркіленді. Бұл өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 5,5 есе көп. Синтетикалық есірткі дайындалу және сату тұрғысынан арзандығымен ерекшеленеді. Жылдың басынан бері жасырын 3 есірткі зертханасы анықталып, жабылды»,- деді ол.

Министрдің айтуынша, есірткі сатушылар интернет-ресурстар мен электронды төлем жүйесінің мүмкіншіліктерін белсенді пайдаланады. Осыған байланысты аталған технологияларды қолдану арқылы есірткі қылмысын жасағандарға жауапкершілік қатаңдатылған.

«Қабылданған шаралардың арқасында мұндай 500 электронды ресурс анықталып, 234 есірткі сайттарының электронды мекен жайы көрсетілген граффити-жазба өшірілді», — деді Ерлан Тұрғымбаев.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *