НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым. Сот Сирияға барып лаңкестер қатарына қосылуға тырысқан ер азаматқа үкім шығарды.Ол қатаң тәртіптегі колонияға бес жарым жылға қамалды, деп Саратов облысы бойынша ФҚҚБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
«Ер адам Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 208-бабы («Шет мемлекеттің аумағында заңмен белгіленбеген қарулы құрылымға қатысу») бойынша кінәлі деп танылды. Оған қатаң режимдегі түзеу колониясында 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және екі жылға бас бостандығын шектеу тағайындалды», — делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ер адам өткен жылдың мамыр айында заңсыз қарулы топқа қосылу үшін Ресей Федерациясынан Сирия аумағына заңсыз кетуге тырысқаны анықталды .
«Ол видео хабарлама түсіріп желідегі көпшілікке арналған видео хостинг желілерінің біріне жариялады, онда ол өзінің шетелге кету ниеті мен мақсаттарын жариялады. Бірнеше күннен кейін ол ұсталды », — деді баспасөз қызметі.