НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым. Өзбекстанның Сурхандария облысында «Жиһадшылар» экстремистік тобы мүшелерінің заңсыз әрекетінің жолы кесілді, деп облыстың Ішкі істер департаментіне сілтеме жасап Sputnik Өзбекстан хабарлайды.
Экстремистік әрекетке күдікті азаматтардың ұялы телефондарының жадында және компьютерлерінің қатқыл дискілерінде тыйым салынған әдебиеттер сақталған. Бұл ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу, материалдарды алу мен тергеу әрекеттері нәтижесінде анықталды.
Экстремистік топ мүшелері Ресей Федерациясына барып, халықаралық лаңкестік ұйымдардың жат идеяларының ықпалына түскен. Отандарына оралғаннан кейін олар «Жиһадшылар»* экстремистік ағымының астыртын қоғамын құрды.
Ұсталғандар жақындарының арасында насихат жұмыстарын жүргізіп, экстремистік сипаттағы материалдарды таратқан.
Табылған материалдар бойынша әдебиеттану сараптамасы тағайындалды,тергеу әрекеттері жүргізіледі.
*«Жиһадшылар» — Өзбекстан Республикасында тыйым салынған діни экстремистік ұйым.