НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым. Ауғанстанның шығысындағы Пактика провинциясында «Талибан» қозғалысының содырларымен болған қақтығыста аудандық полиция бастығы өлтірілді, тағы төрт полиция қызметкері жарақат алды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі провинциялық полиция бөлімшесінің өкіліне сілтеме жасап.
«Сәрсенбі күні кешке Баак-Хиль ауданында «Талибан» қозғалысының (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) содырларымен болған қақтығыста Баак-Хиль ауданының полиция бастығы Абдулла Джан өлтіріліп және төрт полиция қызметкері жарақат алды.Қақтығыстар тәлібтер қауіпсіздік бекеттеріне шабуыл жасап, полициямен ұрысқа түскеннен кейін басталды », — деп баспасөз хатшысы Шин Мохаммед Ариан хабарлады.
Оның айтуынша, «Талибан» содырлары тарапынан шығындар болғаннан кейін бұл аймақтан қуылған, бірақ ол құрбан болғандардың нақты саны туралы ешқандай мәлімет берген жоқ.