НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым. Ауғанстанда кезекті лаңкестік әрекет болды, деп хабарлайды 24.kz.
Ел астанасы Кабул қаласының батыс бөлігінде мешіт ішінде бомба жарылды. Одан төрт адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды.
Жарылыс жұма намазы кезінде болған.
Әзірге бұл лаңкестік шабуыл үшін ешбір ұйым жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ. Бұл елде Тәлібан және Ирак пен Левант лаңкестік ұйымы белсенді әрекет етіп жүр.