Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Норвегияда сот мешітте оқ атқан адамды 21 жылға бас бостандығынан айырды

НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым. Аскер мен Бэрум аудандық соты 2019 жылы тамызда өзінің өгей әпкесін өлтірді және Осло қаласының маңындағы мешітте оқ атты деп айыпталған Филип Мансхаусқа Норвегияда ең жоғары 21 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, деп  отырыстың жазбаша трансляциясың өзінің веб-сайтында таратқан NRK телерадиокомпаниясы хабарлады. Бұл туралы РИА Новости жазады.

«Филип Мансхаус 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Шешім бірауыздан қабылданды. Ол сонымен бірге туыстарына өтемақы және сот шығындарын төлеуі керек», — деді телерадиокомпания.

Норвегияда бұл өте қауіпті қылмыскерлер үшін ең жоғары жаза. Атап айтқанда, мұндай үкім, Мансхаус ашық түрде жанашырлық білдірген, Утёйя аралында қырғын ұйымдастырған Андерс Брейвикке шығарылған. Норвегия заңы бойынша, осы мерзім аяқталғаннан кейін, егер сот қажет деп санаса, жазаны әр бес жыл сайын ұзарта алады.

Айыптаушы тараптың пікірінше, Мансхаустың ісінде жеңілдететін жағдайлар жоқ, ал айыпталушының өзі қоғамға қауіп төндіреді. Адвокат оның клиенті ақыл-есі жоқ деп, оны мәжбүрлеп емдеуге жіберуді талап етті.

Мансхаустың соты 7 мамырда басталды, оған лаңкестік әрекет, кісі өлтіру және адам өміріне қастандық ойлау бойынша айып тағылды. Тергеушілердің айтуынша, былтыр 10 тамызда Мансхаус өзінің өгей әпкесін атып өлтірген. Осыдан кейін Мансхаус Ослоға жақын маңдағы мешіттердің біріне бытыралы мылтық және аңшы мылтығымен барып, «мүмкін болғанша көбірек мұсылмандарды өлтіруді» көздеп, бірнеше рет оқ атты, бір адам жарақат алды. Мансхаус өз кінәсін мойындамады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *