Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нигерияның солтүстік-шығысында исламшылдардың екі шабуылы кем дегенде 60 адамның өмірін қиды

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым. Сенбі күні Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно штатында исламшыл-содырлардың екі шабуылынан кем дегенде 40 бейбіт тұрғын мен 20 әскери қызметкер қаза болды. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады .

Олардың айтуынша, шабуылдар Монгуно мен Нганзай жергілікті өзін-өзі басқару аймақтарында болған.

Еске сала кетейік, бұған дейін 9 маусым күні  Борно штатының Губио аймағында «Ислам мемлекеті» (ИМ, Қазақстанда тыйым салынған) тобының бөлімшесі «Батыс Африкадағы Ислам мемлекеті» (ISWAP) лаңкестерінің қолынан 69 бейбіт тұрғын қаза болғандығы туралы хабарланған болатын. ISWAP Нигерияда 2002 жылы пайда болған «Боко Харам» исламистік лаңкестік тобынан бөлінген бөлімдермен 2015 жылы құрылды .

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *