НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым. 15 маусым, дүйсенбі күні Салерно портында итальяндық қаржы сақшыларының арнайы операциясының нәтижесінде 2800 кг гашиш салынған контейнер табылды, деп regnum жазады.
Сондай-ақ, миллионға жуық амфетамин таблеткалары (жалпы салмағы 190 кг) табылды.
Есірткі заттар киім жүгінде жасырылған, тәртіп сақшылары анықтағандай, бұл киімдер де әйгілі брендтердің өнімдеріне ұқсатып жасалған болып шықты, сондықтан да тәркіленді.