НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым. Сомали астанасы Могадишу қаласында лаңкестік әрекет орын алды. Бұл туралы 18 маусымда Anadolu Ajansi-ге сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.
Журналистердің айтуынша, бомба жарылысы салдарынан ондаған адам жарақат алған, олардың барлығы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.
Болған оқиға үшін әлі бір де лаңкестік топ жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ. Алайда, лаңкестік әрекетті «Аш-Шабаб» содырлары жасады деген күдік (Ресей Федерациясында қызметіне тыйым салынған ұйым) бар.