Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ФҚҚ Дағыстанға шабуыл жасағаны үшін Басаев бандасының мүшелерін ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым. ФҚҚ қызметкерлері 1999 жылы Дағыстанға жасалған шабуылға қатысқан Шамиль Басаев пен Хаттаб бандасының  екі мүшесін ұстады. Бұл туралы 17 маусымда ФҚҚ-нің қоғаммен байланыс орталығына  сілтеме жасап REGNUM хабарлады.

Ставрополь өлкесінің тумалары Суртланбек Аджиньязов пен 51 жастағы Русланбек Арсланов ұсталғандығы айтылған.

Жақын арада оларға «Құқық қорғау органының қызметкерінің өміріне қастандық жасау» бабы бойынша айып тағылатын болады.

1999 жылы Шамиль Басаев пен Хаттаб бандасының мүшелері Дағыстанға қарулы шабуыл жасап, 280-ден астам адамды өлтіріп, 800-ден астам әскери, құқық қорғау органдары мен бейбіт тұрғындарды жарақаттады.

Бұған дейін хабарлағандай , маусым айның басында Оңтүстік аудандық әскери соты Шешенстанда ондаған әскери қызметкердің өліміне қатысы бар екі содырға үкім шығарды. 1999 жылы сотталғандар өз еркімен Шамиль Басаев пен  радикалды ислам идеологиясының жақтастары басқаратын топтардың біріне қосылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *