НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым.Бейсенбіден жұмаға қараған түні Ауғанстанның екі провинциясында «Талибанның» 17 содыры жойылды, тағы біреуі жараланды. Бұл ақпаратты ауған арнайы күштерінің қолбасшылығы растады, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі .
«Талибан» қозғалысының (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) бір топ содырлары Кандагар оңтүстік провинциясының Мианшин ауданындағы бақылау-өткізу пункттеріне шабуыл жасады. Ауғанстан ұлттық армиясының Арнайы операциялар корпусының мәлімдемесінде Ауғанстан ұлттық армиясының әскери қызметшілері өз кезегінде «Талибанға» ауыр қарумен оқ жаудырып, 13 содырды жойып, біреуін жарақаттады делінген.
Сар Хавза аймағына жасалған әуе шабуылының нәтижесінде Пактика шығыс провинциясында тағы төрт содыр жойылды. Соққы нақты барлау деректерін қолдана отырып жүргізілді, делінген хабарламада.
Мәлімдемеде әуе шабуылын НАТО басқаратын коалициялық күштері ме әлде Ауғанстан әскери-әуе күштері жүргізгені көрсетілмеген .
Талибан өкілдері болған оқиғаға әлі түсініктеме берген жоқ.