НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым. Ресей ҰҚШҰ-ның оңтүстік шекараларының қауіпсіздігін күшейту үшін Тәжікстандағы әскери базасының әлеуетін күшейтіп жатыр, деді РФ СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарова. Бұл туралы Sputnik Таджикистан жазды .
ТМД шекарашылары Ауғанстаннан есірткі тасымалының көлемі артқанын мәлімдеді. Сондай-ақ Бадахшан билігі аймақта ИМ * мен Аль-Каида * лаңкестік ұйымдардың әскери қатысуын күшейту әрекеттері туралы мәлімдеген.
Ауғанстан Ислам Республикасының барлық провинцияларында тұрақты соғыс қимылдары жалғасуда.
«ҰҚШҰ аясында тәжік-ауған шекарасындағы шиеленісті азайтуға бағытталған шаралар іске асырылуда. Сондай — ақ, лаңкестердің қозғалысы туралы барлау жұмыстарын күшейту, аса қауіпті бағыттар бойынша мониторинг шаралары пысықталуда», — деді Захарова апталық брифингте.
ҰҚШҰ Ауғанстандағы жағдайдың кез-келген дамуына дайын, деді ол.
«Сондай-ақ Тәжікстанның Ауғанстанмен шекаралас аймақтарында ұжымдық күштердің жаттығуларын өткізу тәжірибесі күшейтілді», — деді СІМ өкілі.
Естеріңізге сала кетейік, ҰҚШҰ-ға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мүше.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйымдар