НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым. Сомалидің екі қаладасында болған жарылыстардан оннан астам адам қаза тапты. Бұл туралы 21 маусымда Garowe Online басылымына сілтеме жасап REGNUM хабарлады.
Алғашқы екі жарылыс 20 маусым күні кешке Ванлавейнде болды. Төменгі Шабелле аймағындағы жоғары лауазымды әскери шенеуніктің резиденциясының жанында екі жарылғыш зат іске қосылды. Жарылыста 12 адам, соның ішінде бейбіт тұрғындар қаза тапты, 20-ға жуық адам жарақат алды.
Келесі жарылыс елдің орталық бөлігіндегі Бакадвейн қаласында болды. Әскери базаның қақпасының жанында жанкешті-лаңкес басқарған жарылғыш заттарға толы көлік жарылды. Жарылыс үш әскери қызметкердің өмірін қиды, тағы екі адам жарақат алды.
Осы уақытқа дейін бір де бір лаңкестік топ жарылыстар үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ. Лаңкестік әрекетті 2004 жылы құрылған және 2008 жылдан бері Сомалиде әрекет ететін «Аш-Шабаб» лаңкестік радикалды ислам тобының содырлары жасады деген күдік бар.
Бұған дейін Сомалидың астанасы Могадишо қаласында ондаған адамның өмірін қиған лаңкестік шабуыл туралы хабарланған.