НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым. Алжирдің солтүстік-батысындағы Айн-Дефла провинциясында лаңкестік шабуылда бір әскери қызметкер қаза тапты. Бұл туралы Синьхуа агенттігі елдің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Агенттіктің мәлімдемесінде сенбі күні үкіметтік әскерлер Алжир астанасынан солтүстік-батысқа қарай 150 км жерде орналасқан Айн-Дефла провинциясындағы Тарик-Бен-Зияд қаласында лаңкестер тобымен қақтығысқан делінген.
Әскери қызметкер Мустафа Зенанда «өз міндеттерін орындау кезінде» қаза тапқаны туралы хабарланған.