НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым.Түркияның құқық қорғау органдары 7 миллионнан астам каннабистің тамырларын тәркіледі. Бұл туралы 22 маусымда Anadolu Ajansi-ге сілтеме жасап REGNUM хабарлады.
Журналистердің айтуынша, есірткі бизнесіне қарсы күрес департаменті ұйымдастырған арнайы операция елдің оңтүстік-шығысында орналасқан Диярбакыр провинциясында өтті. Бір күдікті ұсталды.
Тәркіленген қарасораның тамырлары жойылды. Бұл соңғы төрт жылдағы тәркіленген ең ірі каннабис партиясы болды.