Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Франция Сириядан елге радикалдардың 10 баласын қайтарды

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым. Балалар күрд күштері бақылауындағы лагерьде болған. Франция СІМ-нің мәлімдемесінде олар қажетті медициналық тексеруден өту үшін сот органдарына тапсырылған делінген. Кейін балалар әлеуметтік қызметтерге тапсырылады, деп Reuters агенттігіне сілтеме жасап kazislam.kz хабарлайды.

Көптеген еуропалық елдер сияқты Франция осы уақытқа дейін Сириядағы қақтығыс аймағындағы радикалдар мен олардың отбасыларын толығымен қайтарудан бас тартып отыр. 2019 жылдың наурызынан 2020 жылдың сәуіріне дейін Сириядан 28 бала шығарылды. Олардың жетім екендігі атап өтілді, өйткені баланы анасымен бірге Францияға қайтару процедурасы анағұрлым күрделі және ананың келісімін талап етеді.

Күрд күштерінің мәліметінше, Сирияның солтүстік-шығысындағы олардың бақылауындағы үш лагерде 12 мыңға жуық шетелдіктер (4 мың әйел және 8 мың бала) бар. AFP мәліметі бойынша, ол жерде француз джихадшыларының шамамен 300 баласы бар.

Балалардың туыстары мен жақындары кіретін Familles unies тобы бірнеше рет билікке балалар мен олардың аналарын Францияға қайтаруды сұрап өтініш білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *