НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым. Люберцы қаласында консьерж болып істейтін әйел адам 112 номеріне тұрғын үйдің жалған миналануы туралы хабарлады. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп Мәскеу облысы бойынша Ресейдің ІІМ Бас басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Татьяна Петроваға сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
«Қаскүнем әйел «112» жедел қызметіне қоңырау шалып, Наташинская көшесіндегі [Люберцы қаласы] көп пәтерлі үйлердің бірінде жарылыс қауіпі туралы хабарлады. Ақпарат тексерілді, қауіпті заттар табылған жоқ. Заңсыз әрекетті жасады деп күдікпен 52 жастағы консьерж әйел жұмыс орнында ұсталды », — деді Петрова.
Лаңкестік әрекет туралы көрінеу жалған хабарлау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйел он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, азаматшадан ешқайда кетпеу туралы тілхат алынды. Бұған дейін ол ұрлық жасағаны үшін сотталған болатын.