Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстанның Бадгис провинциясында қауіпсіздік күштерінің 10 қызметкері қаза болды

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым. Сәрсенбі күні Ауғанстанның батысындағы Бадгис провинциясында содырлардың шабуылы салдарынан қауіпсіздік күштерінің он мүшесі қаза тапты. Бұл туралы провинция губернаторының орынбасары Фаиз Мохаммад Мырзаға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады.

Оның айтуынша, содырлар сәрсенбі күні таңертең Баламургхаб ауданындағы қауіпсіздік күштерінің бақылау-өткізу бекетіне шабуыл жасап, қарсы шабуылға тап болғаннан кейін қашып кеткен. Өкінішке орай, он әскери және полиция қызметкері қаза тапты.

Сонымен қатар, провинциялық кеңестің басшысы Абдул Азиз Биг «Талибан» содырлары (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) соңғы екі күн бойы әскерді қоршап, салдарынан 10 адам қайтыс болды деп мәлімдеді.

Провинция әкімшілігінің өкілі Наджмудин Бурханидің айтуынша, «Талибан» содырлары (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) да шығынға ұшырады, бірақ нақты мәлімет бере алмады.

«Талибан» қозғалысы бұл ақпаратқа әлі түсінік берген жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *