Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Шымкентте синтетикалық есірткі сатқан интернет-дүкенінің жұмысы бұғатталды

ШЫМКЕНТ, 25 маусым. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті интернет-казинолар мен тауарларды заңсыз сататын интернет-сайттарды (дүкендерді) анықтау жұмыстары барысында есірткі мен психотроптық заттарды сататын интернет-дүкенді анықтады, деп хабарлайды  zakon. кз .

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігіне өтініш жіберілді, оның нәтижелері бойынша 09.06.2020 жылы «интернет-дүкен»  Қазақстан Республикасының аумағында бұғатталды, деп ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті хабарлады.

Сонымен қатар, 2019 жылы Департамент 15 «интернет-казино» сайттары мен 3 «синтетикалық есірткі» веб-ресурстарын анықтап, жойды.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда және интернет-ресурстарға тұрақты мониторинг жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *