НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым.Нигерияның солтүстік-батыс аймағында көптеген әуе шабуылдарының нәтижесінде ондаған содыр және олардың бекіністері жойылды. Бұл туралы Нигерия қорғаныс штабына сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады .
20 маусымнан бастап елдің солтүстік-батысындағы Кацина және Замфара штаттарында содырлардың он лагері жойылды деп айтылған ресми мәлімдемеде.
Операцияның мақсаты сенімді барлау негізінде содырлардың мекендеген жерін анықтау болды. Бұл көптеген жылдар бойы зорлық-зомбылықпен жойылған Нигерияның солтүстік-батыс аймағында жасалған көптеген әскери операциялардың бірі болды.
«Кейбір маңызды әуе шабуылдары Кацина штатының Дутсен-Асоло және Бирнин-кого аймағында, сондай-ақ Замфара штатындағы Кваянбана орманындағы Дого-Геде лагеріне жасалды», — делінген хабарламада.
Құжатта, кейбір тірі қалған содырлар үңгірден қашып бара жатқан жерінде кейінгі соққылар кезінде жойылғандығы айтылған.