ПЕТРОПАВЛ, 26 маусым. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері 99 есірткі қылмысын анықтап, заңсыз айналымнан 127 келіден астам есірткі заты алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні.
Полицейлер студенттердің, мектеп оқушылары мен басқа да солтүстікқазақстандықтардың есірткі қылмысының алдын алуда көрсеткен зор ктеріне тоқтала кетті.
Денис Насретдинов бұрын есірткі қолданған. Бүгін ол солтүстікқазақстандық балаларға нашақорлықтың құлдығынан шығуға көмектескісі келеді. Петропавлдық өз өмірінде болған жағдаймен бөлісіп, есірткі деген жаман дүниені өмірлеріне кіргізбеуге шақырады.
– Бұл сіздің басыңызды “КАМАЗ” сияқты машинаның астына салып, қарбыз сияқты жарылатынын немесе жарылмайтынын көрумен бірдей. Жастық жалын мен арынның арқасында сен өзіңді қаншалықты мықты, батылмын деп сезінсең де, есірткіге келгенде бар ерік-жігеріңнен айырылып, әлсіз боласың, – дейді ерікті.
“Надежда NORD” қоғамдық қорының еріктілер қозғалысының құрылғанына үш жыл. Осы жылдар ішінде Полицейлерге мектеп оқушылары мен студенттерден тұратын басқа да ішінде бір рет дәмін татып, құрығына түскен «бұрынғы нашақорлар» санатына кірген, бұрында есірткі қолданған нашақорлар 15 баланың өмірін сақтап қалуға көмектесті. Әрине, туысқандардың, психологтардың, дәрігерлердің және еріктілердің көмегінсіз жүзеге аспайды.
– Полицейлерге мектеп оқушылары мен студенттерден құралған еріктілер ұйымы нашақорлыққа қарсы күресте жәрдем көрсетуде. “Қамқор” және “СҚО іздеу отряды” клубтарының құрамына 500-ге жуық солтүстікқазақстандық бала кіреді. Еріктілердің көмегі әсіресе профилактикалық іс-шараларын жүзеге асыру кезінде сезіледі, – дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.
Екінші жыл Петропавл тұрғындарын қала орталығында сырланған аркалар қуантып келеді. Бұл ерікті Стас Алерттің жұмысы. Талантты петропавлдық суретші ізгілік пен бақытты бейнелейтін жарқын кейіпкерлерді қабырғаларға салған. Петропавл студенттері, мектеп оқушылары есірткі сатушылардың осындай жарнамалық айла-амалдарына қарсы күрес жариялады. Екі жыл ішінде Петропавлда еріктілердің қатысуымен 600-ден астам есірткіге қарсы есірткіграффителер боялды. Карантиндік шаралар кезінде де жас жігіттер мен қыздар атсалысты. Нашақорлықтың алдын алу үшін белсенділер әлеуметтік желілерде және мектеп чатында жариялау үшін есірткіге қарсы бейнероликтер дайындады.