НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым. Ауғанстанның солтүстігінде «Талибан» радикалды қозғалысы (ҚР қызметі тыйым салынған ұйым) содырларының шабуылынан ұлттық қауіпсіздік күштерінің кем дегенде алты мүшесі қаза тапты. Бұл туралы 28 маусымда Tolo News-ке сілтеме жасап REGNUM ақпараттық агенттігі хабарлады.
Содырлар 28 маусымға қараған түні Кундуз провинциясындағы Имам Сахиб ауданындағы бақылау-өткізу пункттеріне шабуыл жасады. Шабуыл салдарынан бес әскери қызметкер мен бір полиция қызметкері мерт болды.
Соқтығысу нәтижесінде «Талибан» қозғалысының (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) төрт мүшесі жойылып, тағы екеуі жарақат алды.