Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Руанданың оңтүстігінде Бурундиден шыққан төрт содыр жойылды

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым. Руанда елінің оңтүстігіндегі армияның қорғаныс позицияларына шабуыл жасаған, жеке басы анықталмаған, Бурундиден шыққан төрт содыры жойылды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі Руанда армиясына сілтеме жасап.

Руанданың қорғаныс күштері мәлімдегендей, Гринвич бойынша сағат 22:20 шамасында, тану белгілері жоқ 100-ге жуық содыр Руанда қорғаныс күштерінің Рухер секторындағы қорғаныс позицияларына шабуыл жасады. Олар қорғаныс күштері күзететін, даму бағдарламасы аясында салынған үлгілі-көрнекі ауыл тұрғындарына зиян келтірмек болған. Бұл ауыл Бурунди шекарасында орналасқан.

Мәлімдемеге сәйкес, Қорғаныс күштері Бурундидің содырларымен айқасқа түсті. Ұрыс 20-30 минуттай жалғасты, кейін шабуылдаушылар Руанда шекарасындағы Бурундидің солтүстігінде орналасқан Чибиток провинциясындағы Бурунди армиясының позициясына шегінді.

Руанданың үш әскери қызметкері жеңіл жарақат алды. Үш шабуылдаушы тұтқынға алынды, делінген хабарламада.

Сонымен қатар, мәлімдемеде Руанданың Қорғаныс күштері қазіргі уақытта дипломатиялық арналар арқылы «осы қайталанған шабуылдар» туралы нақты ақпарат іздеуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *