НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым. Ұлыбританияның Корольдік прокуратура қызметі сенбі күні Англияның Рединг қаласында (Беркшир графствосы) 20 маусым күні лаңкестік шабуыл жасап, үш адамды өлтірген ер адамға айып тағуға санкция берді. Бұл туралы сенбі күні қадағалаушы мекеменің лаңкестікке қарсы бөлімінің бастығы Дженни Хопкинс таратқан мәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды ТАСС .
«Бүгін Корольдік прокуратура қызметі Оңтүстік-Шығыс Англияның лаңкестікке қарсы полициясына 25 жастағы Хейри Саадаллаға қатысты үш кісі өлтіргені және тағы үш кісі өміріне қастандық ойлағаны үшін айып тағуға рұқсат берді», — деді ол.
Енді ер адам 29 маусым күні Лондондағы Вестминстер магистраттық сот алдына келуі керек.
Пышақпен қаруланған Саадалла 20 маусым күні Рединг орталығында Форбери-гарденс саябағында демалушыларға шабуыл жасап, үш адамды өлтірген. Тағы үшеуі ауруханаға жатқызылды, қазір олар ауруханадан шығарылды. Қаскүнем көп ұзамай ұсталды. Келесі күні Скотленд-Ярд лаңкестікке қарсы бөлімшесінің басшысы Нил Басу шабуыл жалғыз қаскүнем жасаған лаңкестік әрекет деп танылғанын мәлімдеді.
Ол дүкеннен ұрлық жасағаны және дүкен күзетшісіне шабуыл жасағаны үшін сотталып, 12 ай түрмеде өткізген, содан кейін ол депортациялану керек еді. Отанындағы қиын жағдайға байланысты ливия азаматы елге жіберілген жоқ. Әзірге бұл ақпарат ресми расталған жоқ.