НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым. Алжир армиясының екі сарбазы сенбі күні кешке елдің солтүстігінде жарылғыш заттың жарылуы салдарынан қаза болғанын Алжирдің Қорғаныс министрлігі жексенбі күні мәлімдеді, деп жазады Синьхуа агенттігі .
Мәлімдемеде, сенбі күні армияның бір бөлімшесі елдің солтүстігіндегі Медеа провинциясында аумақты лаңкестерден тазарту операциясын өткізгені, жарылғыш заттың жарылысы салдарынан екі сарбаз қайтыс болғаны айтылған. Әскери бөлімше қауіпсіздік шараларын күшейтті, операция жұмыстары жалғасуда.
Алжир Қорғаныс министрлігі әскери күштер елдегі лаңкестерге қарсы күресті жалғастырады деп мәлімдеді.