Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нигерияның солтүстігінде болған содырлардың шабуылы оннан астам адамның өмірін қиды

 

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым. Нигерияның солтүстік-шығысында исламшыл содырлар кем дегенде тоғыз сарбаз бен жасақ әскердің екі мүшесін өлтірді, деп әскери ақпарат көздері мәлімдеді. Бұл туралы AFP ақпарат агенттігі сілтеме жасай отырып REGNUM хабарлады.

Хабарламаларға сәйкес, тағы бірнеше азаматтық тұлғалар хабар-ошарсыз кеткен, болжам бойынша оларды содырлар өлтіріп кеткен немесе ұрлап әкеткен.

Әскери ақпарат көздеріне сүйенсек, экстремистер «Боко Харам» содырларының базасы орналасқан Борно штатындағы Дамбоа қаласының маңында орман анклавының жанында 100-ден астам автокөліктен құралған азаматтық жасаққа шабуыл жасау үшін қару мен граната қолданған.

Нигерияның солтүстігіндегі содырлардың әрекеті салдарынан 10 жыл ішінде шамамен 36 000 адам қаза болды, тұрақсыздық көрші үш елге де таралды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *