Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстанның қауіпсіздік күштері «Талибанның» алпыс бес содырын жойды

НҰР-СҰЛТАН, 01 шілде. 29 маусым күні түстен кейін Ауғанстанның қауіпсіздік күштері елдің әртүрлі аймақтарында «Талибан» содырларымен қақтығысқа түсті. Жалпы, осы қақтығыстардың нәтижесінде топтың 65 содыры жойылды. Бұл туралы Ауғанстан үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады .

Бүгін Синьхуа тілшісіне  Джаузджан провинциясының ресми өкілі Абдул Маруф Азар айтқандай, бір күн бұрын жергілікті уақыт бойынша күннің екінші жартысында «Талибан» қозғалысының (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) бір топ содырлары Каркин аймағындағы бақылау-өткізу пунктіне шабуыл жасады, кейін Ауғанстанның қауіпсіздік күштері жауап соққы беріп 35 содырды өлтірді, қалғандарын шегінуге мәжбүр етті. А.М.Азардың айтуынша, қақтығыс кезінде тағы 25 содыр жарақат алған. Сонымен бірге қауіпсіздік күштерінің екі мүшесі қаза тауып, үшеуі жарақат алды.

Сонымен қатар, Азар Ауғанстан қауіпсіздік күштерінің жауынгерлік ұшақтары кеше кешке Джаузджан провинциясының Хамиаб ауданындағы «Талибан» баспанасына шабуыл жасағанын растады. Осы соққының нәтижесінде 13 содыр жойылып, тағы 17 жарақат алды.

Сонымен қатар, Парван / Шығыс Ауғанстан / әкімшілік провинциясының ресми өкілі Вахида Шахкар журналистерге бүгін таңертең 200-ден астам «Талибан» содыры Парван провинциясының Кохи-Сафи аймағында бақылау-өткізу бекеттеріне шабуыл жасауды жоспарлағанын айтты. Бұл туралы ақпарат алғаннан кейін ауған қауіпсіздік күштері содырларға әуеден шабуыл жасады, нәтижесінде 17 содыр оқиға орнында көз жұмды, ал қалғандары шегінуге мәжбүр болды.

«Талибан» қозғалысы бұл оқиғаларға қатысты әлі түсінік берген жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *