НҰР-СҰЛТАН, 01 шілде. Солтүстік Осетияда ұсталған лаңкестің шабуыл жасауды жоспарлаған нысандары белгілі болды. Оның мақсаты Владикавказ қаласының мэриясы мен Солтүстік Осетия Республикасының -Алания Жоғарғы Сотының ғимараттары болуы керек еді, деп ФҚҚ басқармасына сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.
Шабуыл жасау үшін ұсталған ер азамат қолдан жарылғыш зат жасамақ болған. Жасырын жерде жарылғыш затты дайындау үшін құрамдас бөліктері табылды.
ФҚҚ Солтүстік Осетияда лаңкестік әрекеттің алдын алды. Шабуылды жоспарлап, дайындады деген күдікпен 30 жастағы азамат ұсталды. Ол «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) содырларымен хат алысып тұрған. ФҚҚ басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталған адам шабуылдан кейін заңсыз қарулы топқа қосылу үшін Ресейден кетуді жоспарлаған.