НҰР-СҰЛТАН, 02 шілде. Польша құқық қорғау органдарының өкілдері «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына (ҚР тыйым салынған ұйым) қаржылық қолдау көрсеткен деген күдікпен екі Ирак азаматын ұстады. Бұл туралы 2 шілдеде Польша прокуратурасына сілтеме жасап REGNUM ақпараттық агенттігі хабарлады.
«Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің қызметкерлері «Ислам мемлекеті» (ҚР тыйым салынған ұйым) лаңкестік ұйымына ақша аударғаны үшін Ирактың екі азаматын ұстады», — делінген хабарламада.
Ұсталғандарға айып тағылып, олар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сонымен қатар, бұл адамдардың қылмыстық істі тергеу үшін үш ай мерзімге қамауға алынғандығы белгілі болды.