Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Красноярскідегі сот ғимаратынан миналау туралы хабарға байланысты 100 адам эвакуацияланды

НҰР-СҰЛТАН, 03 шілде. Белгісіз біреу Красноярскіде төрелік сот ғимаратының миналанғаны туралы хабарлады, жүз адам эвакуацияланды, деп Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық бас басқармасына сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.

«Миналау туралы жасырын хабарлама келіп түсті, Ленин көшесі, 1 (төрелік сот). Тексеріс жүргізілді. Алдын-ала мәліметтер бойынша, 100 адам эвакуацияланды, барлығы ересек адамдар», — деді басқарма өкілі .

Оқиға орнында мамандар жұмыс жасауда.

Ресейдің әртүрлі қалаларында өткен жылдың аяғынан бастап сот ғимараттарын, сауда орталықтарын, метро станцияларын, теміржол вокзалдарын, мектептер мен балабақшаларды «миналау» толқыны басталды. Барлық қауіптер жалған болып шықты. Короновирусқа байланысты карантиндік шаралар енгізілгеннен кейін соттарды миналау туралы хабарламалар сирек түсіп, кейін мүлдем тоқтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *