НҰР-СҰЛТАН, 03 шілде. Өзбекстан президентінің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Исматулла Иргашев бейсенбі күні Ташкенттегі Түркия елшісі Мехмет Суреййя Эрмен кездесу барысында өңірлік қауіпсіздік мәселелерін, атап айтқанда Ауғанстанның қазіргі жағдайын талқылады, деп Өзбекстан СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды.
Бейбіт келіссөз үдерісін іске қосудың маңыздылығы, сондай — ақ Ауғанстан бойынша Ташкент конференциясының, «Азия Жүрегі-Стамбул процесі» форумының және т.б. ауған проблемасын реттеу ісіндегі рөлі атап өтілді.
Ауғанстан бағытында екіжақты ынтымақтастықты, атап айтқанда, осы елдегі дағдарысты бейбіт жолмен шешудің оңтайлы жолдарын іздестіруді жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.