Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстанда жол бойындағы бомба жарылысынан екі полиция қызметкері қаза болды

НҰР-СҰЛТАН, 05 шілде. Дайкунди провинциясында (Орталық Ауғанстан) полиция фургоны жол бойындағы бомбаға жарылды, салдарынан екі полиция қызметкері қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алды. Бұл туралы Дайкунди провинциясының ресми өкілі Гүл Ака Саджадиге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады.

Г.А.Саджадидің айтуы бойынша, полиция фургоны содырлар орнатқан жол бойындағы бомбаға жарылған кезде полиция конвойы Каджран аймағының Зардгулан ауданына бет алған. Жарылыс салдарынан екі полиция қызметкері қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алды.

Қандай да бір қосымша мәліметтерді ұсынбастан, ресми өкіл жарылысқа «Талибан» (ҚР-да тыйым салынған ұйым) содырларың айыптады, алайда бұл қарулы топ әзірге оқиға үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *