НҰР-СҰЛТАН, 06 шілде. Испанияның ұлттық полициясы Барселонаның маныңда лаңкестікке қарсы операция кезінде үш адамды ұстады, деп Испанияның телерадио корпорациясына (RTVE) сілтеме жасап «Красная весна» ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекеттік маңызы бар мәселелер бойынша Испания Жоғарғы Сотының бөлімшесі қамауға алу ордерін берді Операция 5 шілде, сенбі күні таңертең Барселонаның маңындағы Бадалона қаласының «Салут» ауданында өткізілді.
Ұсталғандардың пәтерінен түрлі заттар, оның ішінде құжаттар мен компьютер тәркіленгені хабарланған.ың Жоғарғы соты бұл іс бойынша ақпаратты құпиялады.
Бадалона қаласының мэрі Хавьер Гарсиа Альбиоль операцияны қалалық гвардия өткізгенің, ал ұлттық полиция оған «көмектескенін» мәлімдеді.
Айта кетейік, соңғы бірнеше айда лаңкестікке қарсы ұқсас операциялар Мадрид, Альмерия мен Бадалонада өтті.