Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Джебхат ан-Нусра» содырлары Латакия мен Алепподағы елді мекендерге оқ жаудырды

НҰР-СҰЛТАН, 06 шілде.  Сирияның Латакия провинциясындағы Эль-Аси елді мекеніне «Джебхат ан-Нусра» лаңкестік  ұйымының содырлары күніне үш рет оқ жаудырды. Латакия мен Алеппо провинцияларындағы басқа елді мекендер де оқ астында қалды. Бұл туралы Сириядағы соғысушы тараптарды татуластыру жөніндегі Ресей орталығының жетекшісі контр-адмиралы Александр Щербицкийге сілтеме жасап  ТАСС хабарлайды.

«Джебхат ан-Нусра» лаңкестік ұйымының тарапынан Латакия провинциясындағы Эль-Аси елді мекеніне 3 рет, Бшарфа елді мекеніне 1 рет, Алеппо провинциясындағы Бала елді мекеніне 1 рет, Урум- Эс- Сугра елді мекеніне 1 рет оқ атылғаны тіркелді», — деді ол.

Сонымен бірге Щербицкий Түркияның бақылауындағы заңсыз қарулы топтар тарапынан атыс тіркелмегенін айтты.

Ресейлік татуластыру жөніндегі орталығы заңсыз қарулы топтардың қолбасшыларын тағы да қарулы арандатушылықтан бас тартуға және олардың бақылауындағы аудандардағы жағдайды бейбіт жолмен шешуге шақырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *