Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ташкентте «ЖиҺадшылар» экстремистік ағымының мүшелері ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 06 шілде. Ташкентте және елорда аймағында  Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері 25 адамнан тұратын «Жиһадшылар» экстремистік ағымның екі жасырын  тобының қызметін тоқтатты. Бұл туралы Sputnik Өзбекстан жазды .

Олардың бірі 2019 жылдың мамыр айында құрылды, сол жылдың қарашасында топ басшысы  Сирияға кетіп, халықаралық «Катибатуль Тавхид ва жиход» лаңкестік ұйымының қатарына қосылды .

Екінші топты бұрын экстремизм мен терроризмге байланысты қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеген азамат ұйымдастырды.

Тергеу барысында бірінші топ мүшелерінің көпшілігі Сириядағы содырлардың қатарында болған басшысымен  Интернет арқылы үнемі байланыс орнататындығы белгілі болды.

Кездесулер барысында топ мүшелері «Әбу Салох», «Абдуллох Зуфар», «Содик Самарқандий» лақап аттарымен белгілі діни экстремистік және лаңкестік ұйымдардың идеологиялық жетекшілерінің «хижрат» және «жиһад» жасау  үндеулері мен насихаттары бар аудио және видео материалдарды тыңдап, қараған. Сонымен қатар өз орталарында бұл ойларын насихаттаған.

Бұл топтардың мүшелері 1968-2002 жылдар аралығында туған азаматтар.

Олардың үшеуі бұған дейін экстремизм мен терроризмге байланысты қылмыстар үшін жауапқа тартылған, бірақ одан дұрыс қорытынды жасай алмады.

Топ мүшелерінің арасында жеке баспахана басшысы, медицина қызметкері, араб тілін оқыту курсының оқытушысы, тамақтандыру мекемелерінің қызметкерлері және коммерциялық қызметпен айналысатын адамдар бар.

Олардың тұрғылықты жерінде жүргізілген тінту кезінде 200-ден астам бейресми діни кітаптар мен үнпарақтар, сондай-ақ компьютерлік техникалар, ноутбуктар, планшеттер, ұялы телефондар, флеш-карталар және DVD-дискілер табылды. Барлық айғақтар рәсімдік тәртіпте тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.

Қазіргі уақытта анықталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Жоғарғы Соттың шешімі, Дін істері комитетінің қорытындысы бойынша «Абу Салох», «Абдуллох Зуфар» және «Содик Самарқандий» уағыздарын республика аумағына әкелуге, сақтауға және таратуға тыйым салынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *