Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Амур маңы өлкесінде терроризмді насихаттаған азамат қамауға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 08 шілде. Амур облысында Благовещенск аудандық соты терроризмді насихаттауға айыпталушыны екі ай мерзімге қамауға алды, деп REGNUM ақпараттық агенттігіне  соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Ұсталған адамға «Ислам мемлекеті» халықаралық лаңкестік ұйымының (ҚР тыйым салынған ұйым) идеологиясының радикалды көзқарастарын негіздей отырып, қарулы әрекеттерге шақыруды таратқаны үшін айып тағылуда. Ол аймақта экстремистік ұяшық құруға тырысқан.

Бұған дейін хабарлағандай , Барнаул әуежайында 22 жасар Орталық Азия елінің азаматы ұсталды. Ер азамат Таяу Шығысқа барып «Ислам мемлекеті» халықаралық лаңкестік ұйымының (ҚР тыйым салынған ұйым) қарулы күштерінің құрамында соғыс қимылдарына қатысуды жоспарлаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *