НҰР-СҰЛТАН, 08 шілде. Сейсенбі күні Марокконың Ішкі істер министрлігі елдің солтүстігінде «Ислам мемлекеті» (ИМ) тобымен байланысты «лаңкестік ұяшық» жойылды, деп Синьхуа ақпарат агенттігі хабарлады.
Марокко қауіпсіздік күштерінің Надор провинциясында жүргізген операциясы кезінде күдіктілердің төртеуі қамауға алынды, делінген министрлік мәлімдемесінде.
Бастапқы тексеру барысында бұл ұяшықтың 21-26 жас аралығындағы мүшелері Мароккодағы маңызды нысандарға лаңкестік шабуыл жасауды көздегені анықталды , делінген хабарламада.
Прокуратураның қадағалауымен жүріп жатқан тергеу аяқталғаннан кейін Күдіктілер жауапкершілікке тартылады,деп хабарлады мекемеде.