НҰР-СҰЛТАН, 08 шілде.Чад көлінің маңындағы «Боко Харам» тобының (Ресей Федерациясында қызметі тыйым салынған ұйымның) содырларын жеңу үшін аймақаралық ынтымақтастық пен барлау туралы мәліметтермен алмасу қажет, деп Халықаралық дағдарыс тобының баяндамасында мәлімделген. Бұл туралы ВВС Africa-ға сілтеме жасап REGNUM ақпараттық агенттігі хабарлады.
Сарапшылардың пікірінше, Батыс Африкадағы «жиһадтық қауіп» мәселесін шешу жолы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен мемлекет өкілдерінен құрылған жұмыс тобы болып табылады. Құрамына Камерун, Нигер, Чад, Нигерия және Бенин кірген осындай ұйым 2015 жылы құрылған, бірақ топ қызметінің жетістіктері шектеулі болды.
Халықаралық дағдарыс тобы ұйымнің кейбір жетістіктерін мойындады, соның ішінде,нәтижесінде бүлікші күштердін айдауна, бейбіт тұрғындарды босатуға, сондай-ақ гуманитарлық көмек алуға мүмкіндік берген 2017–2019 жылдардағы әскери жорықтар.
Бірақ «Боко Харамға» (Ресей Федерациясында қызметіне тыйым салынған ұйым) қарсы күрестегі жетістіктер «бүлікшілердің тұрақтылығының» арқасында айтарлықтай әлсіз болды, делінген баяндамада. Сонымен қатар, әр мемлекеттің басқаруды ортақ бірлескен мақсатты топқа беруден бас тартуы құрылымдық шектеулерге және әлсіз бағыныштылыққа алып келеді, бұл сарапшылардың алаңдаушылығын тудырады.
Баяндамада топты қаржыландыру мәселелері бұрын мақсатты топты құруға ықпал еткен Африка одағы мен Еуропалық Одақ арқылы шешуге шақыру бар.
«Боко Харам» тобы (Ресей Федерациясында қызметіне тыйым салынған ұйым) және «Ислам мемлекетінен» (Қазақстан Республикасында қызметіне тыйым салынған ұйым) ажырып кеткен «Ислам мемлекетінің Батыс Африка провинциясы» ұйымы (Ресей Федерациясында қызметіне тыйым салынған ұйым) осы аймақтағы мыңдаған адамдардың өлімі үшін, сондай-ақ Нигерияның солтүстік-шығысында екі миллионға жуық адам қоныс аударғаны үшін жауапты екендігі атап өтілді.