НҰР-СҰЛТАН, 09 шілде. Сәрсенбі күні таңертең Сомали астанасы Могадишо қаласында жойқын жарылыс болды, салдарынан екі полиция қызметкері қаза тауып, тағы біреуі жарақат алды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жергілікті полициядағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлады .
Жарылыс полицияның патрульдік көлігіне бағытталған болатын, деп полиция өкілі Дхаме Садик Адан мәлімдеді.
Д.С.Аданның хабарлауынша, полиция оқиғаны тексеріп жатыр. Бір де бір топ жарылыс үшін жауапкершілікті мойнына алған жоқ , бірақ мұндай шабуылдарды көбінесе үкіметті құлату үшін күресіп жатқан «Аш-Шабаб» экстремистік тобы ұйымдастырады.