Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БҚО синтетикалық есірткі шығаратын зертхана жойылды

ОРАЛ, 11 шілде. Батыс Қазақстан облысының полицейлері Ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп “техниканың соңғы үлгісі” бойынша жабдықталған есірткі зертханасын жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі өндірушілер Теректі ауданында гараж және ауладағы құрылысты сатып алып, оны жасырын есірткі зертханасы етіп ыңғайластырылған.

Зертхананың ерекшелігі – оның жабдықталуы мен тазалығы, ол өнеркәсіптік ауқымда синтетикалық есірткі шығаруға есептелген.

Қайта жабдықталған жасырын зертханадан полиция қызметкерлері шыны ыдысы бар екі конструкцияны, сондай-ақ мұздатқыш камераны анықтады. “Зертхана” үй-жайында жасанды желдеткіш болған.

Ауланың артқы жағына әрқайсысы 1000 литрден үш сыйымдылық көмілген.

Үйді және зертхананы тінту барысында ұнтақ тәрізді заттар, қоспалар, химиялық заттардың концентраттары, сондай-ақ химиялық реагенттері бар канистрлер, қорғаныш костюмдері, респираторлар мен зертханалық жабдықтар табылды.

Сонымен қатар, оқиға орнында 11,4 кг мефедрон синтетикалық есірткісі және 8,1 кг пировалерон алынды. Бұл – Қазақстандағы ең ірі синтетикалық есірткі алу.

Белгілі болғандай, есірткіні өндірумен біздің елімізге көктемде келген Украина азаматтары айналысқан, олар бірнеше жергілікті тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, оларды синтетикалық есірткі өндіру бойынша қылмыстық іс-әрекетке қатыстырған.

Құрылысы бар үй сатып алу, оларды жөндеу және басқа да жұмыстар таңқурай бұталарын өсіруге жағдай жасау үшін бүркемеленген. Ол үшін ЖШС тіркелген, ұсталғандар оған кент үйі мен автокөлікті рәсімдеген.

Ұсталғандар бірнеше рет сынаудан кейін 2020 жылдың маусым айының соңында синтетикалық есірткі өндіре бастағанын мойындады.

Осындай зертхананы полиция қызметкерлері мамыр айының соңында Алматы облысының Талғар ауданында жойған болатын. Онда зертханалық жабдықтар мен химикаттардан бөлек, сатуға дайын алты келіден астам мефедрон тәркіленді.

Жүргізілген арнайы операция нәтижесінде 413 млн. теңгеден астам сомаға дайындалған синтетикалық есірткінің 120 мың дозасы есірткі тұтынушыларға жеткен жоқ.

Ұсталғандарға қатысты Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі “Есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен өткізу” бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Жаза мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Тергеу жалғасып жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *