НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде. Чадта мина жарылысынан кем дегенде сегіз сарбаз қаза болды. Бұл туралы AFP ақпарат агенттігіне сілтеме жасап REGNUM хабарлады.
Қауіпсіздік күштерінің міліметінше, жарылыс Чад көлінің аймағындағы Калам ауылында болған. Тілшілердің хабарлауынша, жарылыс салдарынан кемінде тағы 10 әскери қызметкер жарақат алған.
Қосымша мәліметтер жоқ.
Бұған дейін хабарлағандай , осы аптада Халықаралық дағдарыс тобы Батыс Африканың аймақтық күштерінің «Боко Харам» лаңкестерімен (Ресей Федерациясында тыйым салынған ұйым) және олардан бөлініп шыққан Чад көлі маңындағы топтармен күресуін сынға алды.