НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде. Ауғанстанмен шекаралас Солтүстік Вазиристан ауданында жүргізілген антитеррорлық операция кезінде содырлармен қақтығыс кезінде Пәкістанның төрт әскери қызметкері қаза болды, төрт лаңкес жойылды, деп Пәкістандық ведомствоаралық қоғаммен байланыс қызметіне (ISPR) сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.
Мекеменің мәлімдемесінде әскерилер жексенбі күні таңертең содырлардан тазарту операциясын өткізген. Әскери күштер баспанаға жақындап, оны қоршап алған кезде содырлар оқ жаудырған. Нәтижесінде «қауіпсіздік қызметі барлық анықталған лаңкестерді өлтірді» делінген.
«Атыс кезінде төрт сарбаз қаза болды. Кейін аудан тазартылды », — делінген хабарламада.
Қақтығыс кезінде қауіпсіздік қызметі төрт лаңкесті жойды деп айтылады.