НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде.Сомалидің оңтүстігінде сенбі күні үкімет күштерінің «Аш-Шабаб» экстремистік ұйымының жеті содырын жойғаны туралы белгілі болды. Бұл туралы жергілікті билікке сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады .
Эль-Бардейл қаласының губернаторы Мұхаммед Исак БАҚ-қа мәлімдегендей, үкімет әскері ішкі ақпаратқа сәйкес әрекет етіп «Аш- Шабаб» содырларының Эль-Бардейл қаласындағы бекініс пунктеріне шабуыл жасаған . Нәтижесінде жеті содыр өлтірілді, оның ішінде көшбасшы, тағы бесеуі жарақат алды.
Оның айтуынша, үкімет күштері тарапынан, бір әскери қызметкер қаза болып, үшеуі жараланған.