Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстанның солтүстігінде болған лаңкестік шабуыл 14 адамның өмірін қиды

НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде. Ауғанстанның солтүстігіндегі Саманган провинциясының әкімшілік орталығы Айбак қаласында миналанған көлік жарылысынан кем дегенде 14 адам қаза тапты, тағы 63 адам жарақат алды, деп аймақ әкімшілігінің ресми өкілі Седдик Азизиге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды.

Оның айтуынша, таңертең Ұлттық қауіпсіздік директоратының жергілікті кеңсесі жанында  «Талибан» қозғалысының  (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) жанкешті лаңкесі миналанған көлікті жарып жіберген. Кейін екі содыр мекеме аумағына кіріп, қауіпсіздік күштерімен атыса бастады.

С.Азизидің айтуынша, жарылыс пен атыс салдарынан 14 адам қайтыс болды: Ұлттық қауіпсіздік директоратының 11 қызметкері және үш шабуылшы. 63 адам жарақат алды, оның ішінде 50-ден астам бейбіт тұрғын.

«Талибан» қозғалысы шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *