НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде. Ауғанстан президенті Ашраф Гани Айбак қаласындағы (Саманган провинциясы, Ауғанстан)лаңкестік әрекетті айыптады, деп президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.
Ганидің баспасөз қызметі «қатыгездікпен жасалған қылмыстық шабуылға» түсініктеме бере отырып, президент бұл шабуыл тәлібтердің (ҚР қызметі тыйым салынған ұйым) зорлық-зомбылықты тоқтатуға құлықсыз екендігінің дәлелі екенін айтты.
Ганидің айтуынша, «Талибан» (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) «соғысты жалғастыруға» ниетті. Дегенмен, мемлекет басшысы топты атысты тоқтатып, бейбіт тұрғындарды өлтірмеуге шақырды.
Бұған дейін хабарлағандай , «Талибан» қозғалысы (ҚР тыйым салынған ұйым) 13 шілдеде Ауғанстандағы Ұлттық қауіпсіздік директораты маңында болған жарылысқа жауапкершілікті өз мойнына алған.
11 адам шабуыл құрбандары болды, ондаған адам жарақат алды. Лаңкес жойылды.