Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Тәжікстандағы «Ишкобод» шекара бекетіне шабуыл жасағандарға үкім шығарылды

НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде. Тәжікстанда «Ишкобод» шекара бекетіне шабуыл жасаған жеті қатысушыға қатысты үкім шығарылды, деп республиканың бас әскери прокуроры Икром Зоирзодаға сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан хабарлайды.

Шекара бекетіне шабуыл жасаған жеті адам Тәжікстан Жоғарғы Сотының шешімімен 2 жылдан 27 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Прокурор «Ишкобод» шекара бекетіндегі лаңкестік шабуылға қатысқан жеті адамның ісі сотқа жолданғанын айтты.

Елдің Жоғарғы Сотының шешімімен, жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты, олар 2 жылдан 27 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

«Ишкобод» шекара бекетіне шабуыл жасағандардың бәрі Тәжікстан азаматтары», — деп атап өтті Икром Зоирзода.

Еске салайық, өткен жылдың 6 қарашасына  қараған түні 20 адамнан тұратын қарулы топ тәжік-өзбек шекарасындағы №4 «Ишкобод»  шекара бекетіне шабуыл жасаған.

Тәжікстан МҰҚК мәліметінше, бетперде киген қылмыскерлер тәжік құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне оқ жаудырды. Атыс кезінде 15 содыр жойылып, тағы бес шабуылшы қамауға алынды. Қақтығыс кезінде тәжік тараптан бірнеше адам қаза тапты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *