Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркияда «Пенче-Каплан операциясы» аясында 62 лаңкес залалсыздандырылды 

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде. Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар «Пенче-Каплан операциясы» аясында қазірге дейін 62 террористің залалсыздандырылғанын білдірді.Бұл туралы TRT жазады. 

Акардың төрағалығында Бас Штаб төрағасы, генерал Яшар Гүлер, Құрлық Күштері қолбасшысы, генерал Үміт Дүндар, Әуе Күштері қолбасшысы, генерал Хасан Күчүкакяз және Теңіз Күштері қолбасшысы, амирал Аднан Өзбал, премьер-министрдің орынбасарлары да қатысқан апталық видео конференция ұйымдастырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар күн тәртіпке байланысты мәлімдемесінде:

«Пенче-Каплан операциясы» аясында қазірге дейін 62 террорист залалсыздандырылды. Әскерлеріміздің қолы опасыздардың желкесінде,»  — деді.

Хулуси Акар Әзірбайжан-Армения шекарасында шыққан қақтығыстарға да тоқталды:

«Шабуылшы тұғырын жалғастырған Арменияға қарсы Әзірбайжан Қарулы күштерінің қасында тұрамыз, Әзербайжандық бауырларымызға қолдауымызды жалғастырамыз» деді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *