НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде. Ирактың терроризмге қарсы қызметі елдің солтүстігінде «Ислам мемлекетінің» алты содырын (ҚР тыйым салынған ұйым) жойды, деп мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM хабарлады.
Қауіпсіздік күштері әскери әуе күштерінің қолдауымен Киркук провинциясында арнайы операция өткізді деп хабарланады. Операция нәтижесінде алты лаңкес жойылды. Бағдад аймағында тағы бір операция барысында төрт содыр ұсталды.