Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

А.Попов: лаңкестік топтардың әрекеті бизнеске айналды

НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде. РФ ФҚҚ (Федералды қауіпсіздік қызметі)  17 шілдеде Хабаровск қаласында халықаралық лаңкестердің жетекшілерінің тапсырмасы бойынша адамдар көп жиналатын жерлерде жандырғыш құрылғыларын қолдана отырып лаікестік шабуыл жасамақ болған Орта Азия республикаларының бірінің 1988 жылы туған азаматын ұстады. «Альфа» лаңкестікке қарсы тобы қауымдастығының мүшесі, запастағы подполковник Андрей Попов лаңкестік ұйымдардың жақтаушыларды қалай тартатындығы туралы айтты, деп  Sputnik Тәжікстан жазады .

Жағдайдың ұлтқа ешқандай байланысы жоқ, деп Орталық Азиядан келген мигранттың ұсталуы туралы   «Альфа» лаңкестікке қарсы тобының мүшесі, запастағы подполковник Андрей Попов түсініктеме берді .

Терроризмнің ұлты да жоқ, діні де жоқ, деп қосты сарапшы.

Сондай-ақ, запастағы подполковник Орталық Азия келімсектері лаңкестік әрекетке не себепті қатысы бар екенін түсіндірді.

 «Бұл көптеген аймақтардағы қиын экономикалық жағдай, сол себепті адамдар лаңкестік топтарға қосылуға  мәжбүр болған. Мен ешкімді ақтамаймын. Мұндай қадамға ешқандай жағдайда бармайтын адамдар бар», — деп түсіндірді Попов.

«Альфа» лаңкестікке қарсы тобының мүшесі лаңкестірдің көмекшілері мұндай өмірге әрдайым ақшалай сыйақы алу үшін келе бермейді: кейде содырлар олардың отбасы мүшелерін кепілге алады.

Жағдайға географиялық жақындық, исламның шынайы мазмұнын бұрмалайтын дінге негізделген идеологияның таралуының жақындығы да ықпал етеді, деп қосты Попов.

Адамдарды өз жағына аудару үшін жалдаушылар әлсіз, білімсіз ақыл-ойды таңдайды, дейді сарапшы.

Лаңкестік топтардың әрекеті қазір бизнеске айналды, және бұқаралық ақпарат құралдарындағы аты шулы ескертулер, кез-келген бренд сияқты, аудиторияның белсенділігін арттыруға көмектеседі деп қорытындылады Попов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *