НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде.18 шілде күні кешке Дамаск қаласында жексенбіге белгіленген парламенттік сайлау қарсаңында екі жарылыс болды, деп SANA агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
Жарылғыш құрылғылар Нахр-Аиша орамындағы Анис бен Малек мешітінің жанында жарылды деп хабарланған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, бір адам қаза болды, тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Полиция жарылыс болған жерді қоршап алып, тергеу амалдарын жүргізуде.